RU
Толық нұсқаға өту

Ыстанбұлда лаңкестік әрекеттің жолы кесілді. Live

07.04.2026, 21:10 36

Бүгін Ыстанбұлдағы Израиль консулдығына шабуыл жасалды.

Бешикташ ауданында орналасқан нысан маңында белгісіз біреулер полиция қызметкерлеріне шабуылдап, екі тәртіп сақшысы жарақат алды. Абырой болғанда тәртіп сақшылары қауіпсіздік әрекетін дер кезінде тоқтатты.

Иә, бүгін түс ауа Ыстанбұлдың Бешикташ ауданында қарулы шабуыл әрекеті тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер полиция қызметкерлеріне шабуылдап, артынша тәртіп сақшыларымен қарулы қақтығысқа ұласты. Атыс барысында полиция қарымта ретінде оқ жаудырып, нәтижесінде күдіктілердің бірі оқиға орнында көз жұмды. Қалған екеуі жараланғаннан кейін ұсталды, екі полиция қызметкері жеңіл жарақат алған. Оқиғадан кейін Ыстанбұл прокуратурасы қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын бастап кетті. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, күдіктілердің жеке тұлғалары анықталған. Олардың бірінің діни ұстанымдарды өз мақсатында пайдаланатын топпен байланысы болғаны белгілі болды. Ал екіншісі бұған дейін есірткі қылмыстары бойынша жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, оқиға орнында тағы үш адам ұсталды. Осылайша, 5 адам іске қатысы бар күдікті ретінде тіркелді. Алдын ала деректерге сәйкес, шабуылдың негізгі нысанасы осы ауданда қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері болған. Оқиғаға байланысты Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған мәлімдеме жасап, шабуылды қатаң айыптады.

Режеп Тайип Ердоған, Түркия Президенті:

- Ыстанбұлда болған бұл жантүршігерлік шабуылды қатаң айыптаймыз. Батыл қауіпсіздік күштеріміздің жедел әрекетінің арқасында бұл қылмыстың алды алынды. Түркия лаңкестік әрекетке қарсы күресті тоқтатпайды. Мұндай арандатушылық сипаттағы жоспарлы әрекеттердің ел қауіпсіздігіне нұқсан келтіруіне жол бермейміз.

Қазір оқиға орнында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жалғастырып жатыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz