Тегеран түні бойы ұйықтамады. Көптеген тұрғындар жарылыстар мен шабуылдардың уақытша болсын, тоқтағанына мәз.
Көліктеріне мініп, туларын желбіретіп көшелер мен алаңдарды шарлап жүр. Қаладағы билбордтарға барып шахид кеткен сарбаздардың рухына тағзым етті. АҚШ-тың оқ атуды тоқтату туралы ұсынысын айла деп білетіндер де бар. Олар «бітімге келіспеу керек еді, Ормуз бұғазын ашпау қажет еді» деген пікірде.
Американың сыры белгілі. АҚШ кішкене ес жинап алу үшін оқ атуды тоқтатты. Бұдан Американың табиғаты өзгере ме? АҚШ пен Израильге уақыт керек болып тұр. Біздің жаңа көшбасшымыз қабылдаған шешіміне қосыламыз. Алайда оған мұны күштеп таңған секілді
Тегтер #Тегеран #жарылыстар #АмерикаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz