RU
Толық нұсқаға өту

Иран делегация басшысын тағайындады

08.04.2026, 19:50 33

Иран Парламентінің спикері Мұхаммед Галибаф Пәкістанда АҚШ-пен келіссөз жүргізетін делегация басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы ISNA агенттігі хабарлады.

Кездесу 10 сәуірде Исламабадта жоспарланған. Америкалық тарапты вице-президент Джей Ди Вэнс басқарады. Бұған дейін Вашингтон мен Тегеран екі аптаға атысты тоқтату туралы келіскен болатын. Ислам республикасы Вашингтонға шабуыл жасамауға кепілдік беру, барлық санкциялардың күшін жою сияқты талаптар қойып отыр. Дональд Трамптың айтуынша, қазірдің өзінде бітімгерлік келісімінің біраз тармағы келісілген. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz