Парсы шығанағында 800-дей кеме қаңтарылып тұр. Бұл Blomberg басылымының дерегі. Өткен түнде АҚШ пен Иран бейбіт келісімге келді.
«Бірақ Ормуз бұғазы арқылы кеме тасымалын 24 сағатта қалпына келтіру мүмкін емес», - дейді сарапшылар. Бұрын осы су жолы арқылы күніне 135 кеме қатынайтын. Иранда соғыс басталғаннан кейін бұл көрсеткіш бірнеше есе қысқарды. Халықаралық Kpler сараптамалық компаниясының дерегі бойынша, Парсы шығанағында 420-дан аса мұнай және сұйық газ тиеген 50-ден аса танкер тұр. Ал қалғандары астық, метал, тыңайтқыш секілді тауар тасымалдайды. Халықаралық теңіз ұйымының мәліметіне сай, танкерлердің бортында 20 мыңдай адам бар. БҰҰ Ормуз бұғазын дереу ашпаса, теңізшілердің азық-түлігі таусылуы мүмкін, - деп алаңдап отыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Парсы шығанағы #Иран #АҚШPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz