RU
Толық нұсқаға өту

Франция мен БАӘ Қазақстанда ЖЭС салады

09.04.2026, 07:24 71

Қазақстан жаңартылатын энергия саласында ірі халықаралық жобалар алаңына айналуға тиіс. Араб әмірліктері мен Францияның алпауыт компаниялары қомақты қаржы бөлуге ниетті. Қазірдің өзінде бірлескен кәсіпорындар құру жұмыстары қолға алынған. Жалпы инвестиция көлемі 2,2 млрд доллар. Соның бірі биыл елдің оңтүстігінде салынатын жел электр станциясы. Бастама ТМД және Азия-Тынық мұхиты аймақтарын қамтып, энергетика секторындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтеруді көздейді.

Мариям Рашид Әл Мазроуи, БАӘ жаңартылған энергия өндіру компаниясының бөлім басшысы:

Қазір бірнеше елде жаңартылатын энергия жобаларын бірлесе дамытатын жаңа серіктестік орнап жатыр. Бұл бастама екі компанияға да тиімділікті арттырып, жылдам әрі ауқымды жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Қазақстан - стратегиялық маңызды аймақ.  Сіздің елде жел мен күн энергиясы мол. Және бастысы оны кәдеге жарататын мемлекеттік мақсат-міндеттер белгіленген. Біздің тізімде осы күні аталған елдерде жұмыс істеп тұрған және алдағы уақытта іске қосылатын жобалар бар.

Айта кетейік, Біріккен Араб әмірліктері мен Франция энергетика компанияларының баламалы қуат өндіру бойынша тәжірибелері мол. Бұл екі тарап Қазақстанмен қатар Өзбекстан, Әзербайжан, Индонезия, Жапония, Сингапурде де электр энергиясы жобаларын дамытуға бейіл. Осы мақсатта бірлескен инвестициялық қор құрылған. Бұл қардыға қуаты бірнеше гиговатттық күн және жел электр станциялары салынады.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz