Солтүстік Корея бірнеше қаруын сынап көрді. Пхеньян "Хва-сон-пхо" деп атайтын кассеталық зымыранның оқтұмсығын жарып, қуатын тексерген.
Корея Орталық ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, мұның заряды 7 гектар аумақты жоя алады.
Сондай-ақ электромагниттік қару мен көміртекті талшықтан жасалған бомбалар сыналды. Бұдан бөлек, жылжымалы әуе қорғаныс кешенінің дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізген. Рейтер агенттігінің дерегіне сай, сынақ 3 күнге созылды.
Осыған дейін Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай бірнеше баллистикалық зымыран атқан еді. Сеулдің мәліметі бойынша, бұл қару 240 шақырым жердегі жаудың бетін қайтара алады. Жалпы жыл басынан бері Пхеньян 4 рет зымыран ұшырған.
Тегтер #Солтүстік Корея #қару #кассеталық зымыранPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz