RU
Толық нұсқаға өту

Goldman Sachs: мұнай қымбаттамайды

09.04.2026, 14:25 18

Алдағы үш айда мұнай қымбаттамайды. Брент маркалы "қара алтынның" баррелі 90 доллар,  ал WTI 87 доллар болады. АҚШ-тың ірі инвестициялық банкі "Голдман Сакс" мұнайға қатысты болжамын осылай деп өзгертті.

Сарапшылар мұны АҚШ пен Иранның уақытша келісімге келуімен байланыстырады. Сондай-ақ, Ормуз бұғазындағы кеме тасымалы көп ұзамай қалпына келеді деген үміт бар. Десе де, әлемдегі геосаяси ахуал әлі тұрақсыз. Қауіп толық сейілген жоқ. Егер уақытша келісім бұзылса, мұнай бағасына қатысты болжам қайта өзгеруі мүмкін. Осыған дейін кей сарапшылар Иран соғысы ұзаққа созылса, энергетикалық шикізаттың құны 200 долларға дейін жетуі ықтимал деп топшылаған еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz