RU
Толық нұсқаға өту

Мұнай компаниялары Ормуз бұғазы өту үшін Иранға алым төлеуге қарсы  

09.04.2026, 20:27 32

АҚШ-тың мұнай компаниялары Ормуз бұғазы арқылы өту үшін Иранға алым төлеуге қарсы. Мұны Politico басылымы жазады. 

Бірлестік басшылары: «Бұл мұнай тасымалының құнын шарықтатып жібереді», - дейді. Өйткені әрбір танкердің сапары 2 жарым млн долларға дейін қымбаттауы мүмкін. Ал бұл тұтынушылардың қалтасына салмақ салары анық. Сондай-ақ Тегеран бұғазды иемденсе, теңіз жолдарын бақылап отырған әлемнің өзге елдері де осындай бастама көтеруі ықтимал деп алаңдайды. Сондықтан президент Дональд Трамптан Иранға мұндай еркіндік бермеуін сұрады. Ал Тегеран Вашингтоннан кемелерден алым алу құқығын мойындауды талап етіп отыр. «Әйтпесе, су жолын ашпаймыз», - дейді.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz