Әлем үшін стратегиялық жағынан өте маңызды Ормуз бұғазын басқару жаңа кезеңге өтеді.
Бұл туралы Иранның рухани көсемі, жаңа аятолла Модж-таба Хаменеи мәлімдеді. Оның бұл мәлімдемесі мемлекеттік телеарна арқылы хабарланған. Өзі жұрт алдына әлі шыққан жоқ. Хаменеи "Біз соғысты қалаған жоқпыз, оған құмартпаймыз, ұмтылмаймыз да, бірақ біз өз құқықтарымыздан ешбір жолмен бас тартпаймыз және барлық қарсылық майданында күресуге дайынбыз" деді. Сонымен қатар, аятолла әкесі мен шахид кеткендер үшін кек алуға уәде етті. Естеріңізге сала кетейік, Иран,.. Израиль Ливанға шабуылды тоқтатпаған соң Ормуз бұғазын қайта жапқан болатын.
Тегтер #Иран #кемелер #қосалқы бағыт #ЛиванPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz