RU
Толық нұсқаға өту

ЕО Израильдің Ливанға соққыларын айыптады

10.04.2026, 07:25 33

Еуроодақ Израильдің Ливан аумағына жасаған соққыларын қатаң айыптайды.

Бұл туралы ұйымның сыртқы саясат жөніндегі ресми өкілі Ануар әл-Ануни мәлімдеді. Ұйым барлық тарапты халықаралық және гуманитарлық құқық нормаларын сақтауға, әсіресе бейбіт халықты қорғауға шақырды. ЕуроОдақ Ливан халқымен толық ынтымақта екенін айта келе, «Хезболла» қозғалысын қарусыздандыру қажеттігін жеткізді. Ұйым Ливан билігіне қолдау көрсетуді жалғастыратынын мәлімдеді. Кейінгі деректерге сәйкес, Израильдің соққылары салдарынан Ливанда кемі 254 адам қаза тапқан. Қайғылы жағдайдан кейін елде ұлттық аза тұту күні жарияланды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz