Енді біраз күнде Ливан ауруханаларында дәрі-дәрмек таусылуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп алаңдайды.
Кейінгі күндері үдей түскен израильдік шабуыл салдарынан қаза болғандар мен жарақат алған адам саны күрт артты. Сол себепті елде дәке, антибиотик және анестетик тапшы. Сондай--ақ қант диабеті сынды созылмалы ауруға шалдыққан науқастар да дәрі--дәрмек жетіспеушілігінен зардап шегіп отыр. Ормуз бұғазындағы шектеулерге байланысты Ливанға медициналық препараттарды жеткізу шығындары үш есе артқан.
Тегтер #Иран #кемелер #қосалқы бағыт #ЛиванPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz