RU
Толық нұсқаға өту

Путин: Пасхада Украинада бітім жариялаймыз

10.04.2026, 09:25 37

Владимир Путин православтардың діни мейрамы Пасха кезінде Украинамен арада бітім жариялады. Бұл туралы Кремльге сілтеме жасаған "Россия 24" мемлекеттік телеарнасы хабарлады.

Мәлімдеме "Рейтер" агенттігінде жарияланған. Оқ атпау режимі 11 сәуірде күндізгі сағат 4-тен 12 сәуірдің аяғына дейін күшінде болмақ. Путин Украина тарапы тиісті шешімді қолдайды деп күтетінін айтқан. Ресейдің Қорғаныс министрі Андрей Белоусов Бас қолбасшы Валерий Герасимовқа барлық бағыттағы ұрыс қимылдарын тоқтатуға бұйрық берді. Әзірге ресми Киев жауап қатқан жоқ. Айта кетейік, православиялық Пасха бауырлас екі ел – Ресей мен Украинаға ортақ діни мереке. Әдетте ол 11-12 сәуірде 2 күн бойы аталып өтеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz