Алматы облысы Қытайдың 24 ірі компаниясымен келісім жасасты. Бұған Сиань қаласында өткен өңіраралық сауда-экономикалық форум кезінде қол жеткізілді.
Көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, құрылыс, биотехнология, ІТ салалары бойынша жалпы құны 1 триллион теңгеден асатын бизнес жобалар тізбегі жасалып, меморандумға қол қойылды. Іс-шара барысында бірқатар жобалар талқыланып келіссөздер жүргізілді. Шекаралас жатқан аймақтың сауда, өнеркәсіп және трансшекаралық әлеуеті қытайлық инвесторларды ынталандырып отыр. Бұл бағытта қос тарап ынтымақтастықты нығайып, ауқымды инвестжобаларды жүзеге асыруға мүдделі. Айта кету керек, кейінгі үш жылда Алматы облысы мен Қытай өңірлері арасындағы тауар айналымы 1 млрд АҚШ доллардан асқан. Қазір аймақта көрші елдің инвесторларының қатысуымен 143 кәсіпорын жұмыс істеп тұр.
Тегтер #Алматы облысы #Қытай #келісім #форумPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz