RU
Толық нұсқаға өту

Орталық Азия елдерінде жылдан жылға күн ысиды

10.04.2026, 13:25 32

Орталық Азия елдерінде жылдан жылға күн ысып барады. Климаттың күрт өзгерісін жіті бақылаған синоптиктер 2050 жылға қарай орташа температура айтарлықтай өседі деп болжайды.

Әсіресе Қырғызстанда күн ысиды. Көрші елде алдағы 24 жылда ауа температурасы шамамен 4 жарым градусқа көтеріледі. Қазақстан мен Түрікменстанда +3 градус, Өзбекстан мен Тәжікстанда +2 градусқа артады. Ал мамандар  күннің ысуы жерлердің тозуы, су тапшылығы, азық-түлік қауіпсіздігіне ғана кері әсер етіп қоймай, өңірлердің экономикалық дамуы мен климаттық босқындардың көбеюіне кесірін тигізуі мүмкін екенін ескертеді. «Сондықтан экологтар аймақ елдері дереу күш біріктірмесе, қауіп күшейе береді», - дейді.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz