RU
Толық нұсқаға өту

Венесуэла алтын өндіруге инвесторлар тартады

10.04.2026, 18:30 24

Венесуэла алтын және басқа қазба байлығын игеруге сырттан инвесторлар тартады.

Осы мақсатта Парламент тау-кен саласын жаңарту және инвестициялар тарту туралы жаңа заң қабылдады. "Рейтердің" хабарлауынша, бұдан былай шетелдік және жекеменшік компанияларға лицензиялар 30 жылға беріліп, әрі қарай тағы 20 жылға ұзартуға болады. Бірақ кен орындары бұрынғыша мемлекет меншігінде қалады. Компаниялар салық төлеуге міндеттеледі, ал алтынды осы елдің Орталық банкі арқылы ғана сатуға рұқсат етіледі. Билік пен инвесторлар арасындағы кез келген дау-дамай сот арқылы шешіледі. Ел президентінің міндетін атқарушы Делси Родригес қазірдің өзінде 120-ға жуық серіктес бірлесіп жұмыс істеуге қызығушылық танытқанын мәлімдеді. Аталған реформаны АҚШ президентінің әкімшілі қолдап отыр.   

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz