Сауд Арабиясы мұнай өндіру көлемін тәулігіне миллион баррельге дейін қысқартты.
Мемлекет энергетикалық нысандарға жасалған бірқатар шабуылдан кейін осындай қадамға баруға мәжбүр болды. Қираған инфрақұрылымды жөндеуге қажетті қыруар қаражатты есептемегенде, мұнай өндірісінің төмендеуі бір айда 2,5 млрд доллардан астам шығынға әкелуі мүмкін. Рейтер агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, Сауд Арабиясы тәулігіне шамамен 10 миллион баррель қара алтын өндіріп келді. Басым бөлігін әлемдік нарыққа шығаратын. Рияд, Янбу және Шығыс провинциясындағы негізгі өндірістік тораптарға жасалған соққы салдарынан экспорттың едәуір бөлігі тұралап қалды. Сондай-ақ Ормуз бұғазын айналып өтетін негізгі жол «Шығыс-Батыс» стратегиялық құбырының зақымдануы жағдайды одан әрі қиындата түсті.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Сауд Арабиясы #энергетикаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz