RU
Толық нұсқаға өту

Ормуз арқылы бір тәулікте 6 кеме өтті

10.04.2026, 23:00 27

Кейінгі бір тәулікте Ормуз бұғазы арқылы 4 коммерциялық жүк кемесі мен 2 танкер өтті.

Бұл туралы Ұлыбританияның теңіз сауда операциялары басқармасы хабарлады. АҚШ пен Иран арасындағы қарулы қақтығыс басталғанға дейін су жолы арқылы күн сайын 120-ға дейін коммерциялық кеме өтетін. Вашингтон мен Тегеран атысты уақытша тоқтатқанымен, бұғаздағы қауіп сейілген жоқ. Кеме иелері әлі күнге дейін көлік құралын аймаққа жіберуден тайсақтап отыр. Бұған дейін Ислам республикасы бұғаздан өтетін барлық транзиттер елдің қарулы күштерімен алдын-ала үйлестіріліп, белгіленген бағыттар бойынша жүруге тиіс екенін мәлімдеген болатын. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz