RU
Толық нұсқаға өту

Түркияда жанар-жағармай бағасы түсті

10.04.2026, 23:10 20

Түркияда жанар-жағармай бағасы төмендеді. Кешеден бері дизель отыны шамамен 130 теңгеге арзандап, қазір литрі орта есеппен 780 теңгеден сатылып жатыр.

Ал бензин бағасы шамамен 670 теңге деңгейінде тұрақтады. Жанар-жағармай құнының төмендеуі көлік жүргізушілеріне аз да болса жеңілдік әкелді. Сарапшылар бағаның күрт төмендеуін Таяу Шығыстағы геосаяси жағдаймен байланыстырады. Иран мен АҚШ арасындағы уақытша бітім мұнай нарығындағы қысымды азайтып, бағаның төмендеуіне әсер еткен. Дегенмен, мамандар бұл жағдайдың ұзаққа созылмайтынын айтады. Себебі Түркия жанар-жағармай бойынша сыртқы нарыққа тәуелді. Сондықтан әлемдік мұнай бағасының құбылуы мен валюта бағамының өзгеруі ішкі нарыққа тікелей әсер етеді. Аймақта жыл басынан бері жанар-жағармай бағасы құбылып тұр. Мәселен, 1 қаңтарда дизель отыны 575 теңгеден сатылса, сәуір айының басында 900 теңгеден асып, тарихи максимумға жеткен. Бензин бағасында да тұрақсыздық байқалады. Жыл басында 560 теңгеден саудаланған жанармай осы айда 680 теңгеге дейін көтерілді. Ал бүгін 10 теңгеге түсті.

Түркиядағы жанар-жағармай бағасы

1 қаңтар

Дизель отыны – 575 тг, бензин – 560 тг

8 сәуір

Дизель отыны – 910 тг, бензин – 680 тг

10 сәуір

Дизель отыны – 780 тг, бензин – 670 тг

Әли Явуз, Жанармай бекетінің директоры:  

- Жанар-жағармай нарығында жағдай әлі де тұрақсыз. Кейінгі екі күнде отын бағасында төмендеу байқалады. Мәселен, дизель отыны шамамен 12 лираға арзандады. Ал бензин бағасы 1 лираға төмендеді. Бірақ алдағы уақытта баға тағы төмендей ме, әлде қайта өседі ме, бұл қазіргі жағдайдың қалай өрбитініне байланысты. Валюта бағамының артуына байланысты баға қайта көтеріледі деп нақты айту қиын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz