Гонконг билігі дизельге субсидия енгізеді. Дотация мөлшері бір литр үшін 3 гонконг долларына дейін барады.
Бұл шамамен 185 теңге. Жеңілдіктер қалалық көліктерге, жеткізу қызметтері мен балық шаруашылығы кемелеріне жасалады. Екі айға дейін жалғасатын шараға бюджеттен 230 миллион долларға жуық қаржы бөлінеді. Сондай-ақ коммерциялық көліктер үшін қаланың негізгі аудандарын байланыстыратын ақылы күрежолдар ақысы екі есе арзандайды. Билік бұл шешімді дизельдің күрт қымбаттауына байланысты қабылдап отыр. Гонконгта бір айда отын құны 13%-ға өскен. Қазір дизель литрі орта есеппен 2100 теңгеге сатылып жатыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Гонконг #дизельPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz