Бразилияда жылдық инфляция наурыз айында 4,14 пайызға дейін өсті. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Елде жанармай бағасы бірден 4,6 пайызға қымбаттаған. Сарапшылар мұны Ормуз бұғазындағы жағдаймен байланыстырады. Бағаның одан әрі шарықтауын тежеу үшін билік шұғыл шаралар қабылдады. Атап айтқанда, дизель отыны мен сұйытылған газға тікелей субсидия енгізілді. Сонымен қатар әуе тасымалдаушыларына отын сатып алуға 2 миллиард доллар көлемінде жеңілдетілген несие бөлінген.
Тегтер #Бразилия #жанармай #инфляцияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz