«Артемида-2» миссиясының астронавттары Жерге сәтті оралды. Orion ғарыш кемесі Тынық мұхитында, Калифорния штатындағы Сан-Диего жағалауына жақын маңда суға қонды.
Қону сәтінің тікелей эфирін NASA-ның YouTube арнасында үш миллионнан астам адам тамашалады. Құтқару қызметтері экипаж мүшелерін десанттық кемеге жеткізіп, алғашқы медициналық тексеруден өткізді. NASA ғарышкерлері Рид Уайзман, ұшқыш Виктор Гловер, миссия маманы Кристина Кох және Канаданың өкілі Джереми ХАнсен Жерден 407 мың шақырымға дейін алыстады. Бұл адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған көрсеткіш.
Тегтер #Артемида2 #экипаж #Жер #айPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz