RU
Толық нұсқаға өту

Д. Трамп бастамашы болған «Бейбітшілік кеңесіне» екі ел ғана қаржы құйды

12.04.2026, 09:15 39

АҚШ президенті Дональд Трамп бастамашы болған «Бейбітшілік кеңесіне» екі ел ғана қаржы құйды.

Уәде еткен тоғыз елдің ішінен тек Біріккен Араб Әмірліктері, Марокко және АҚШ-тың өзі ғана бұл міндеттемені орындады. Reuters агенттігінің мәліметінше, бүгінде ұйымның қаражаты бір миллиард доллардан аз. Бұл Газа секторын соғыстан кейін қалпына келтіру жоспарын іске асыруды қиындатып отыр. Дегенмен кеңес өкілдері қаржы тапшылығы туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ұйым мәлімдемесінде барлық қаржыландыру сұраныстары толық әрі уақытылы орындалып жатқанын атап өтті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz