Айға сапар шеккен «Артемида-2» миссиясының ғарышкерлері Жерге оралған соң алғаш рет сөз сөйледі. Экипажбен кездесу Техастағы Ғарыш орталығында өтті.
Басқосуға олардың жақындары мен әріптестері келді. Ғарышкерлер әзірге миссияның ауқымын толық сезініп үлгермегінен айтады. Экипаж жетекшісі ғарышта ең қарапайым деген нәрселердің қадірін біле бастайсың дейді. Рид УАйзманның айтуынша, айға аттанғанға дейін ғарышқа бару басты мұрат болса, ол жаққа жетіп алғаннан кейінгі арман Жерге оралу болған. «Артемида-2» миссиясы жарты ғасырдан кейін алғаш рет іске асты. Экипаж түрлі жүйелердің, навигация мен «Орион» кемесінің алыс ғарыштағы басқарылу мүмкіндіктерін сынақтан өткізді.
Кристина Кук, Наса ғарышкері:
- Жер шары сырттай бақылағанда, өте кіп-кішкентай болып көрінді. Бірақ мені таңқалдырғаны біздің ғаламшар емес, оның айналасындағы түпсіз, қап-қара түнек болды. Жер шексіз ғарыштың ортасында қалқып тұрған аядай ғана құтқарушы болып көрінді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Жер #НАСА #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz