Антарктикада белгісіз арал анықталды. Оны Полярлы және теңіз зерттеулері институтының халықаралық экспедициясы тапқан.
Аралдың пайда болуына мұздықтардың еруі себеп болған. Осы Уэдделла теңізінде ғылыми жұмыс жүріп жатыр. Аралдың ұзындығы шамамен 130 метрге жетеді. Ал ені – 50 метр. Бұл жер бұрын түсірілген жерсеріктерінің суреттерінде кездеспеген еді. Өйткені ол мұз құрсанып, көрінбей жатты. Мамандар енді аралға ресми атау беруді ойластырып жатыр. Координаттары халықаралық навигациялық базалар мен карталарға енгізіледі.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Антарктида #АралPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz