Жаңа Зеландияға «Вайану» дауылы келді. Қазір ол Солтүстік аралда әлек салып жатыр.
«Гардиан» басылымының хабарлауынша, аймақта қауіп-қатердің ең жоғары «қызыл» деңгейі жарияланды. Желдің екпіні – сағатына 130 шақырымға жетеді. Алып толқындардың биіктігі 6 метрден асады. Жағаға жақын аудандарда 5 мың үй жарықсыз қалған, жүзден астам әуе рейсі кейінге шегерілді. Жоғары оқу орындары, мектептер мен мемлекеттік мекемелердің жұмысы тоқтады. Билік тұрғындарды табиғи апат аумағынан қауіпсіз жаққа көшіруге кірісті.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Жаңа Зеландия #дауыл
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz