Испанияның Барселона қаласынан Газа секторына жаңа флот аттанды. Мақсат – Палестина халқына гуманитарлық көмек жеткізу және аймақты оқшаулауға қарсы тұру.
«Рейтердің» хабарлауынша, халықаралық науқанға әлемнің 70 елінен 70-тен астам кеме тіркелді. Олардың 39-ы осы Барселонадан шыққан. Барлығы Палестина туын желбіретіп жүр. Қалғаны жолай қосылады. Ұйымдастырушылар «Біздің мақсатымыз - тек қана көмек жеткізу емес, сонымен бірге, Газаға қарай гуманитарлық жол салу, тосқауылдарды бұзу», - дейді.
Айта кетейік, былтыр қазан айында шамамен 40 қайық Газаға аттанып, оларды жолда Израиль әскери-теңіз күштері тоқтатып, 450-ден астам белсендіні қамауға алған еді. Ресми Тель-Авив: «Газаны әскери-теңіз жағынан оқшаулауды заңды, ал флоттың бұл әрекетін арандату» деп санайды.
Тегтер #Газа секторы #флот #гуманитарлық көмек #ПалестинаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz