Аз жылда адамға жұмыс қалмай қалуы мүмкін. Қытай бесаспап роботтардың түр-түрін жасап жатыр.
Жасанды интеллектіге негізделген құлтемірлер шахтаға да түседі, биікке де өрмелей алады. Тек өрмелеп қана қоймайды, сол жердегі ақауды жөндеп, қажет болса, дәнекерлеп, жамап-жасқап береді. Ең тәуірі шаршамайды, сосын ақша сұрамайды. Тоққа жалғасаңыз болды немесе батарея арқылы күнұзаққа жұмысын атқара береді. Бұл құралдар - өндіріске дейін 100 мың сағаттан жұмыс істеп, әбден жетілдірілген.
Тегтер #ЖИ #робот #ҚытайPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz