АҚШ күштері Тынық мұхитында екі қайықты атқылады. Шабуылдан бес адам қаза тауып, біреуі тірі қалған.
Америкалық сарбаздар оны іздеу бойынша Жағалау күзетіне хабар берді. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады. Қайықтар есірткі сататын топтардың үйреншікті бағдары бойынша кетіп бара жатқан.
Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп Латын Америкасындағы есірткі саудасымен белсенді күрес жүргізуді тапсырған. Бір жағынан АҚШ әскері Иранның Парсы және Оман шығанақтарындағы айлақтарға өтетін жолдарды жабуды жоспарлап отыр.
Тегтер #АҚШ #әскер #мұхитPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz