RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ пен Иран келіссөзі тағы өтуі мүмкін

13.04.2026, 17:00 37

Таяу күндері АҚШ пен Иран арасында келіссөздердің жаңа кезеңі өтуі мүмкін. Бұл туралы өз дереккөздеріне сілтеме жасаған The Wall Street Journal басылымы хабарлады. 

Олардың жазуынша, тараптардың тіл табысуына әлі де мүмкіндік бар. Өйткені бейбіт бітім мерзімін ұзарту қажет. Бұл туралы пәкістандық ақпарат құралдары да жарыса жазып жатыр. Олардың айтуынша, кездесу тағы да Исламабадта немесе бір еуропалық елде ұйымдастырылуы ықтимал. Естеріңізге сала кетейік, осының алдында Пәкістан астанасында өткен келіссөздер нәтижесіз болды. Тараптар Иранның ядролық бағдарламасы және Ормуз бұзағындағы кеме қатынасы бойынша тіл табыса алған жоқ. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz