Иран Ормуз бұғазын тұрақты бақылауға ниетті. Бұл туралы «Хатам әл‑Анбия» орталық штабының өкілі, генерал Эбрахим Золфагари мәлімдеді.
Оның айтуынша, АҚШ пен одақтастарының кемелеріне Ормуз арқылы өткізуге тыйым салынады. Рұқсат тек Тегеран ұсынған ережелерді сақтағандарға беріледі. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иран теңіз айлақтарындағы кемелердің жүріс-тұрысына шектеу қоюға бұйрық берген болатын. Ислам республикасы бұл әрекетті халықаралық кеме қатынасына заңсыз араласу деп айыптап, қауіп төнген жағдайда Парсы және Оман шығанақтарындағы қауіпсіздік үлкен мәселеге айналады деп ескертті.
Тегтер #Иран #Ормуз бұғазы #бақылауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz