Ресейде «скутер-мопедтерді міну ережесіне» өзгерістер енгізіледі. Өйткені қалаларда жаяу жүргіншілердің жарақат алуы жиілеп кеткен. Бұған басты себеп - шаһарларда екі дөңгелекті темір тұлпарлардың көбеюі. Сондықтан скутер, самокат пен электрвелосипедтерінің жүргізушілеріне тротуарлармен қозғалуға шектеу қоюы, тіпті тыйым салынуы мүмкін.
Сондай-ақ тақауда самокатқа екі адамнан мінгесетіндерге айыппұлдың көлемін 10 есе ұлғайту ұсынылды. Яғни 800-ден 8 мың рубльге дейін көтерейік деп отыр. Бұл біздің ақшамен шамамен 50 мың теңге. Ресейлік сарапшылар: «қомақты айыппұл көшелерде темірдей тәртіп орнатуға сеп болады», - деп есептейді.
Тегтер #Ресей #скутер #мопед #электрвелосипед #тротуарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz