Әлемдегі ең кәрі горилла Германияда. Биыл 69 жасқа келді. Берлин хайуанаттар бағы маймылдың туған күнін атап өтті. Туған күн иесінің есімі – Фату.
«Жасы ұлғайған сайын, Фатудың отырып-тұруы баяулап, ауру-сырқауы да көбейді дейді», - мамандар. Әсіресе остеоартрит сияқты буын ауруы жанын қинайды. Фату айналасындағы өзге маймылдарға, яғни кішілерге бас-көз болып жүреді екен. Жабайы табиғатта гориллалар әдетте 35 жыл ғана өмір сүреді.
Дженнифер Хан, аға куратор:
- Фату – әлемдегі ең егде горилла. Бұл жасқа бұрын-соңды ешбір горилла жеткен емес. Бұл құжатталған ресми мәлімет. Ол Гиннес рекордтар кітабына енгізілген. Ұзақ жасауға тегі де, жағдай да үлкен маңызға ие. Бұлар да адамдар сияқты ғой.
Леннард Гаудиан, күтімші:
- Фату жақсы өмір сүріп жатыр. Таңертең ерте оянады. Ұйқысы сергек. Ол осы жердің үлкен ханымы сияқты. Бірақ аузында тістері қалмаған. Жүрісі баяулаған. 5 минут жүрсе, қалжырап, тоқтап, дем алып алады. Кейде қалтырап кетеді. Тамақты пісіріп береміз.
Тегтер #горилла #хайуанаттар бағы #маймылPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz