RU
Толық нұсқаға өту

Түркия мен Израиль арасы шиеленісіп барады

14.04.2026, 11:25 53

Түркия мен Израиль арасы шиеленісіп барады. Бұған Президент Режеп Тайип Ердоғанның мәлімдемесі себеп. Jerusalem Post басылымының дерегі бойынша Түркия басшысы Тель-Авивті Палестина мен Ливандағы басқыншылық әрекеттері үшін айыптаған.

Ердоған мұнымен ғана шектелмей, «Таулы Қарабақ пен Ливияға кіргендей, Израильге де дәл солай әскери күш қолдануымыз мүмкін», - деген. Тель-Авив те бұған бірден жауап қатты. Израильдің мәдени мұралар министрі Үкіметте Түркиямен дипломатиялық байланысты үзу туралы мәселе көтеретінін жеткізді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz