RU
Толық нұсқаға өту

Иран Араб елдерінен өтемақы талап етті

14.04.2026, 11:40 48

Иран Араб елдерінен АҚШ - Израиль шабуылы кезіндегі залал үшін өтемақы талап етті. Бұл туралы IRNA агенттігі хабарлады. 

Басылым мәліметтеріне сүйенсек, Бахрейн, Сауд Арабиясы, Қатар, Біріккен Араб Әмірліктері мен Иордания материалдық және моральдық зиянды толығымен өтеуге тиіс. Өйткені бұл мемлекеттердің аумағы Ислам мемлекетіне соққы беру үшін пайдаланылған. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришке жолдаған хатта Иран бұл елдердің әрекеттері халықаралық міндеттемелерді бұзатынын мәлімдеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz