Cудан халқы аштыққа ұшырап жатыр. Елдегі жағдай күн сайын нашарлап барады. Жағдайдың ушыққаны сонша, ел астанасы Хартумда жұрт жапырақ жей бастаған.
Босқындар лагеріндегі жағдай тіпті нашар. Халықтың шамамен 61,7 пайызы, яғни 29 миллионға жуық адамға азық-түлік жетіспейді. Сарапшылардың айтуынша, бұл көрсеткіш гуманитарлық дағдарыстың бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткенін көрсетеді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Судан #аштықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz