Әлемдегі жанармай дағдарысы кезінде Орта дәліздегі Қазақстан мен Әзербайжанның рөлі күшейіп келеді.
Америкалық The Washington Times басылымының сарапшылары осындай баға берді. Ирандағы соғыс пен Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының тоқтап қалуы әлем нарығын тұрақсыздандырып, мұнай бағасының қымбаттауына әкеліп, аймақ елдерін «қара алтын» жеткізу бойынша баламалы жолдар іздеуге мәжбүрледі. Бұл факторлар ТрансКаспий халықаралық траспорт бағдары – Орта дәліздің маңызын күрт арттырды. Бұл бағытта Қазақстан мен Әзербайдан Азия мен Еуропа арасындағы транзиттік хаб ретінде үлкен рөл ойнайды. Біздің аймаққа ғаламдық шикізат өндірісіндегі мұнайдың 2-3 пайыз, газдың 8-9 пайыз үлесі тиесілі болса да, өңірдің өндірістік әлеуеті өте жоғары. Қазақстан мен Әзербайжан күніне бірлесіп, 2 млн-нан астам баррель «қара алтын» өндіреді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #жанармай #Әзербайжан
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz