Бангладеште жалғыз мемлекеттік мұнай өңдеу зауыты жабылды. Себеп – шикізат тапшылығы. Бұл туралы The Daily Star басылымы хабарлады.
Eastern Refinery PLC кәсіпорнына Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуына байланысты "қара алтын" жеткізу үзіліп қалған. Елдің Энергетика министрлігі Бангладеште жанармайға байланысты жағдай тұрақты дейді. Олардың айтуынша, дайын өнім қоры жеткілікті, ал кезекті шикізат осы айдың аяғына қарай жеткізілуі керек. Бангладеш жыл сайын сырттан 7 миллионға жуық жанармай импорттайды. Оның 1 жарым миллион тоннасы жабылған зауытта қайта өңделетін.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Бангладеш #зауытPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz