Қытай мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 16 пайызға қысқарды.
Шығыстағы көрші елдің Бас кеден басқармасының мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында екіжақты сауда көлемі 128 млрд долларға дейін төмендеген. Сарапшылар мұны экономикалық келіспеушілік пен өзара баж салығының сақталуымен байланыстырады. Мамандардың пікірінше, бұл үрдіс жалғаса берсе АҚШ-та инфляция күшейіп, Қытайда өндіріс қарқыны баяулауы мүмкін.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қытай #АҚШPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz