Еуропалық одақ болат импортын 2 есе қысқартады және артық көлемде жеткізгендерге 50 пайыз салық енгізеді.
Әзірге бастапқы жоспар келісілген. Reuters мәліметі бойынша алым-салықсыз әкелінетін болаттың жылдық көлемі – шамамен 18 миллион еуро. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 47 пайызға аз. Ресейден тасымалданатын болат көлемін біртіндеп қысқарту, сосын 2028 жылға қарай біржола тоқтату қарастырылған. Бұл шаралар Еуропаның болат қорыту саласын қорғауға бағытталады. Қазір "кәрі құрлықтағы" болат өндірісінің қуаттылығы 65 пайыз шамасында. 2008 жылы бұл салада 100 мың жұмыс орны жабылып қалған. Импортты қысқартуға қатысты ұсынылған шешімді енді Еуропарламент пен Еуроодақ кеңесі қарайды. Олар мақұлдаса, күшіне енеді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #салық #импортPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz