Шаньдун провинциясында Сәтпаев университетінің филиалы қазақстандық білім бағдарламасымен мамандар даярлайтын болады.
Қазақ-қытай бірлескен жобасы Циндао ғылым және технология білім ордасының базасында жүзеге асырылады. Бұл туралы жоғары оқу орнының халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму жөніндегі бірінші поректоры Самғат Ермекбаев мәлімдеді. Алғашқы 300 студент биыл қыркүйек айында қабылданады деп жоспарланып отыр. Олар бакалавр және магистратура бағдарламасы бойынша білім алады.
Самғат Ермекбаев, Сәтпаев университетінің халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму жөніндегі бірінші проректоры:
- Бүгінгі күні Қытай министрлігінің өкілдерімен кездесіп лицензияға тапсырып қойдық. Алу құжаттарын. Осы айдың аяғында аламыз деген жоспар бар. Біз өзіміз жасап жатқан қос дипломдық бағдарламаларды тек қана қазақ студенттеріне ғана емес сонымен қатар сырттан келетін коммерциялық студенттерге де арнап жатырмыз. Қазіргі уақытта Сәтпаев университетінде 18 PhD студент толыққанды Қытайдан оқып жатыр. Қазір бізде жалпы саны 200-дей студент бар.
Тегтер #Қытай #студенттер #университетPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz