RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ Иранға санкцияны күшейтті

15.04.2026, 20:08 53

АҚШ Ираннан кез келген тауар сатып алуға толық тыйым салды. Бұл туралы елдің Қаржы министрі Скотт Бессент мәлімдеді.

Оның сөзінше, енді Иран мұнайына қатысты кез келген мәміле шетелдік банктер мен компанияларға қарсы қосымша санкцияларға әкелуі мүмкін. АҚШ Қаржы министрлігі Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері және Оманнан бұл елмен барлық қаржылық операцияны тоқтатуды талап етті. Бұған дейін Вашингтон жанармай бағасының өсуін тежеу үшін теңіздегі танкерлерде сақталған 140 миллион баррель мұнайды сатуға уақытша рұқсат берген еді. Алайда енді Иранмен жаңа келісім жасауға тыйым салынды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz