Газа секторында кеміргіш қаптады. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау қызметіне сілтеме жасаған Associated Press агенттігі хабарлады.
Егеуқұйрықтар адамдарды тістеп, түрлі ауруға шалдықтырып жатыр. Ауруханаға түскен науқастар саны күрт көбейді. Кеміргіштердің жаппай таралуына үйілген қоқыс себеп. Коммуналдық қызмет өкілдерінің есебінше, анклавта қазір 350 мың тоннадан астам тұрмыс қалдығы бар. Оларды тазалауға, алып тастауға ресурс жетіспейді. Газада көптеген инфрақұрылым, оның ішінде кәріз жүйесі қирап, істен шыққан. Сарапшылар: «Бұл мәселелерді шешу үшін жанармай, техника және қоқысты таситын басқа да құрал-жабдық керек», - дейді.
Тегтер #Газа секторы #кеміргіш #кәріз #қоқысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz