CNN ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, америкалық делегацияны саяси кеңесші Арье Лайтстоун бастап барған. Оның жанында «Бейбітшілік кеңесінің» ықпалды өкілі Николай Младенов бар. Ал ХАМАС атынан Халил аль-Хайя келіссөзге қатысты.
Кездесу Каир қаласында өтті. Келіссөз нәтижесі жөнінде қатысушылар әзірге пікір білдірген жоқ. The Jerusalem Post басылымының дерегіне сүйенсек, ХАМАС қаруын тастаудан бас тартып отыр. Және шарттың дәл осы бөліміне өзгеріс енгізуді талап еткен. Бұл келісімнің түпкі мақсаты бейбіт келісімнің келесі кезеңіне өтуді көздейді. Шарт бойынша ХАМАС қаруын толық тастауға тиіс. Ал Израиль әскері Газа секторынан шығарылып, халықаралық күш аймаққа орналасуы керек. Алайда тараптар бір байламға келе алмай отыр.
Тегтер #АҚШ #ХАМАС #делегация #Келіссөз #кездесуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz