АҚШ пен Иран арасында араағайын болып жүрген Пәкістан келіссөзді қайта жандандыруға ниетті.
Кеше Тегеранда Пәкістанның әскери қолбасшысы Асим Мунир мен Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи кездесті. Тарапттар талқылаған мәселелер енді Ақ Үйге жолданады. Пәкістан осы арқылы Таяу Шығыстағы шиеленісті келіссөз арқылы реттеуді жалғастыруды қалайды.
Бұған дейін Исламабадта бас қосқан АҚШ пен Иран делегаттары тіл табыса алмап еді. Енді Пәкістанның қатысуымен тараптар келесі аптада тағы кездесу өткізуі мүмкін.
Тегтер #АҚШ #Иран #Пәкістан #КеліссөзPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz