Ресей Әзербайжанға AZAL әуе компаниясының ұшағын атып түсіргені үшін өтемақы төлейді. Екі елдің Сыртқы істер министрлігі бірлескен мәлімдеме жасады. Ресейлік мекеменің сайтында жарияланған құжатқа қарағанда, зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі әуе кемесін абайсызда атып түсірген. Сондай-ақ тараптар алдағы уақытта қарым-қатынасты нығайтуға ниетті. Былтыр қазанда Душанбеде екі ел басшылары кездесіп, Президент Владимир Путин Ресей барлық міндетемені орындайды деп мәлімдеді.
Еске сала кетейік, 2024 жылы 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бет алған ұшақ Ақтау маңында құлап, 38 адам опат болған еді.
Тегтер #Ресей #Әзербайжан #өтемақы #ұшақPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz