RU
Толық нұсқаға өту

Еуроодақпен кеден ынтымағы нығаяды

16.04.2026, 19:10 40

Қазақстан мен Еуропалық Одақ кеден саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті.

Брюссельде қос тараптың өкілдері сауданы жеңілдету, шекарадан өтуді жеделдету және бақылау мен қауіпсіздікті күшейту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ цифрландыру, тауарлар мен көлік туралы алдын ала ақпарат алмасу және ЕуроОдақтың санкциялық режимдері әңгіме болды. Қазақстан өкілдері ұлттық кеден заңнамасы және әкімшілік рәсімдерге енгізілген соңғы өзгерістерді таныстырды. Тараптар уәкілетті экономикалық операторлар бағдарламасын іске асырудағы еуропалық тәжірибені және оның келешегін жеке талқылады. 

Қадыр Ысмағұлов, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті аудит департаментінің директоры:

- Көп тәжірибе жинақтап қоймай, бөлісеміз. Біздің кейбір шешімдеріміз еуропалық тарап үшін өте қызықты. 

Еуропалық Одақ кеден заңнамасын реформалау барысы жөнінде өзекті ақпарат ұсынды. Атап айтқанда, ұйымның жаңа Кеден кодексінің ережелері және Кеден органын құру бастамасы, сондай-ақ электронды сауданы реттеу мәселелері таныстырылды.

Маттиас Петшке, Еуропалық комиссияның кеден мәселелері жөніндегі директоры:

- Қазақстан Еуропалық Одақ үшін Орталық Азиядағы негізгі серіктес ел. Мұндай кездесулер өзекті ақпаратпен алмасуға және ынтымақтастықты қай бағыттар бойынша тереңдетуге болатынын айқындауға көмектеседі.

Тараптар зияткерлік меншік құқықтарын шекарада қорғау, құқық иеленушілермен өзара іс-қимыл және өзара әкімшілік көмек көрсету мәселелерін де талқылады. Еуроодақ Орталық Азиямен көлік және логистикалық байланыстарды дамытуға бағытталған бастамаларын таныстырды. Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық бағыттары айқындалып, келіссөздің келесі кезеңі жөнінде уағдаласты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz