«АҚШ Иранмен соғысуға дайын». Арнайы брифинг өткізген Пентагон басшысы Пит Хегсет осылай деп мәлімдеді.
Ол Тегеранды ақылды таңдау жасауға шақырды. Егер талап орындалмаса, Иранның инфрақұрылымы, электр стансалары мен энергетикалық кәсіпорындарына шабуыл қайта үдей түседі.
Пит Хегсет, АҚШ Қорғаныс министрі:
- Иранның ұрыс жүргізу қабілеті әлсіреді. Сондықтан олардың оқ атуды біржола тоқтатуға деген мотивациясы жоғары. Иран әуе шабуылдарынан қираған нысандарды ашып жатқан кезде біз тың күш жинап жатырмыз. Иран «Ормуз бұғазын жазамыз» деп айқайлағаннан басқа түк бітіре алмайды. Олардың қазір әскери-теңіз күші мүлде жоқ. Иран келісімге келмесе, АҚШ соғысуға дайын.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #ИранPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz