АҚШ пен Иран арадағы уақытша келісімді ұзартуы мүмкін. Бұл туралы өз дереккөздеріне сілтеме жасаған "Блумберг" агенттігі жазды.
Екі жақ оқ атпау режимін 2 аптаға созуы мүмкін. Бірақ Құрама Штаттар Иранға экономикалық қыспақты күшейтпек. Келесі келіссөзге бірер күн қалғанда Ислам Республикасынан мұнай сатып алған елдерге санкция салатынын жеткізді. Рейтер агенттігінің дерегі бойынша, Вашингтон Қытай, Гонконг, Біріккен Араб Әмірліктері және Оманға ескерту жіберді. Осыған дейін АҚШ Иранды 30 күнге санкциядан босатқан еді. Өйткені қазір жаһандық нарықта мұнай тапшы. Құрама Штаттар мұны ескеріп отыр. Вашингтон мен Тегеран арасындағы келесі келіссөз осы демалыста өтуі мүмкін деген ақпар бар.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #ИранPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz