Австралияда Джелонг қаласы маңындағы мұнай өңдеу зауытында ірі өрт болды. Бұл туралы Associated Press хабарлады.
Алдын ала ақпарға сәйкес, жанармайдың төгілуі өрттің шығуына әкеліп, кейін бірнеше жарылыс болған. Зардап шеккендер жоқ. Қызметкерлер дер кезінде эвакуацияланды. Апат елдегі жанармай нарығына да әсер етті. Дизель бағасы күрт өсіп, бекеттерде сұраныс артқан.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Австралия #өртPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz