Бұл хабарды ливандықтар қуанышпен қабылдады. Хезболла мен Израиль арасындағы уақытша келісім туралы алдымен Дональд Трамп Truth Social-дегі парақшасында жариялады.
АҚШ Президенті кеше Ливан мен Израиль басшыларын Ақ үйге шақырған болатын. Талқы соңында тараптар бір тоқтамға келді. Ол жөнінде Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху: «Трамптың өтінішін орындадым», - деп мәлімдеді. Ал Ливан парламентінің депутаты Хезболла бітім шарттарын барынша ұстанататын айтты. «Израиль де мұны қаперден шығармауы керек» деп ескертті. Өйткені бітім күшіне енгенімен, Израиль әскері Ливанның оңтүстігінде қалады. Ал Трамп тараптар арасындағы қақтығысты біржола тоқтатуға барынша күш салмақ.
Тегтер #Израиль #Ливан #қақтығыс #Трамп #келісімPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz